» » » ЕҢБЕК ЕЛ БАҒАСЫМЕН ӨЛШЕНЕДІ

ЕҢБЕК ЕЛ БАҒАСЫМЕН ӨЛШЕНЕДІ


Тереңөзек кентінде  Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаевтың ел алдындағы қорытынды есеп беру жиыны өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
    Есепті кездесуге облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимов, облыстық қаржы басқармасының басшысы Т.Жақыпбаев, облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Нұрманов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдіқаймова, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагер, қоғамдық кеңес төрағалары, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
    Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов ашып, жүргізіп отырды. Есепті кездесуде Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев былтыр атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына кеңінен тоқталды. Өткен жыл аудан үшін табысты болғанын айтқан аудан басшысы жоспарлар артығымен орындалғанын жеткізді. Сонымен бірге, барлық салада өсім бар екенін атап өтті.
    Есепті кездесуде облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов соңғы жылдары Сырдария ауданында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Жиын барысында Жетікөл ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Камалов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, аудандық мәслихат депутаты С.Қаюпов, Шіркейлі ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Әбілқасымов атқарушы билік өкілдерінің жұмысына жағары баға берді.

26 қаңтар 2018 ж. 1 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031