» » Жер ешқашан шетелдіктерге сатылмайды

Жер ешқашан шетелдіктерге сатылмайды

    Мораторий аяқталса да, жер ешқашан шетелдіктерге сатылмайды  – Тоқаев Президент Жолдауда жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолданысқа енгізуі қажет.
«Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік – импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осы да. Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқық сақталады. Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу керек. Тағы бір маңызды мәселе. Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормасына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс», – деді Президент.
aikyn.kz
01 қыркүйек 2020 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031