» » СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҮШІН 3 ЖОБА ӘЗІРЛЕНДІ

СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҮШІН 3 ЖОБА ӘЗІРЛЕНДІ

Қызылорда облысындағы 238 мың га суармалы жердің 179 мың га инженерлік жүйеге келтірілген, 60 мың гектары пайдаланылмайды.
Облыста 188 мың га болатын суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша 3 жоба әзірленді. Оның ішінде:
- ПУИД-2 жобасы бойынша 15 мың га;
- ПУИД-3 жобасы бойынша 144 мың га;
- 29 мың га суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы.
2017 жылы облыстық бюджеттен ПУИД-2 және 29 мың га суармалы жерді айналымға қосу жобалары бойынша су шаруашылығы нысандарының құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.
Су шаруашылығы нысандарының құжаттарын әзірлеу 2018 жылы ПУИД-3 жобасы бойынша жалғасатын болады.
Жалпы аталған 3 (үш) жоба іске асырылған жағдайда, суармалы жерлердегі 11,8 мың шақырым су жүйелері (пуид-2 – 913  км, пуид-3 – 8,2 мың км,  29 мың га – 2,7 мың км) және 12,1 мың шақырым қашыртқы-дренаж жүйелері (пуид-2 –1,8км, пуид-3 – 8,4 мың км,  29 мың га – 1,9 мың км) және олардың бойындағы 64 мың дана гидротехникалық құрылыс жөнделетін болады.     
Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.
2017 жылы 7 канал тазаланып (Қызылорда қаласындағы «Бозбай», «Дүкенбай», Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі кентіндегі «Байсары», Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «Ақжол» каналы) және өздігінен аяқсу бармайтын елді мекендерге 8 дана насос қондырғылары алынды.
06 ақпан 2018 ж. 1 052 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031