Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау мерзімінен бұрын басталады
Қазақстандықтарға тұмауға қарсы вакцина салу әдеттегі мерзімінен екі апта ерте салына бастайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«15 қыркүйекте Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина салына бастайды. Ол әдеттегі мерзімнен екі апта ерте. Бұл азаматтарда ЖРВИ кезеңінде тұмауға қарсы иммунитет қалыптасуы үшін жасалады», – дейді Қожахметов ОКҚ брифингінде.Оның айтуынша, вирусқа қарсы вакцина арқылы 6-12 ай аралығына иммунитет қалыптасады.