» » ДДСҰ жаңа пандемияға дайын болуға шақырды

ДДСҰ жаңа пандемияға дайын болуға шақырды

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирус пандемиясымен бәрі бітпейтінін, оның тағы бір жаңа түріне алдын ала дайындалу керегін айтты, – деп жазады zakon.kz.
«Бұл – соңғы пандемия емес. Тарих бізге аурудың өршуі мен пандемия, шын мәнінде, өміріміздің бір бөлшегі екенін көрсетіп беріп отыр. Сондықтан келесі пандемия келгенде, әлем оған осы уақыттағыдан гөрі әлдеқайда дайын болуы керек», – деді Гебрейесус. Оның пайымдауынша, COVID-19 пандемиясы әлем халқына сабақ болды. «Денсаулық сақтау жүйесі – әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі», – деді Гебрейесус. Осыған байланысты Гебрейесус аурудың алдын алу, анықтау, сондай-ақ халықтың денсаулығына, әсіресе, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке алдын ала инвестиция салуға шақырды. Мысал ретінде ДДСҰ басшысы Таиландтың денсаулық сақтау саласын дамытуға бағыттап жатқан күш-жігерін, сондай-ақ Италия қабылдаған шешімдерді келтірді. Шұғыл қабылданған шешімдер COVID-19-ды ауыздықтауға мүмкіндік берген.
aikyn.kz
08 қыркүйек 2020 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930