» » Болатбек Серікбайұлы Айтбенбетовтің САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Болатбек Серікбайұлы Айтбенбетовтің САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына "Nur Otan" партиясы Қызылорда қаласы бойынша праймеризге қатысушы үміткер
Болатбек Серікбайұлы Айтбенбетовтің
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы еліміздің тұңғыш астанасы Қызылорда қаласында туып-өстім. Туған өлкемнің тарихын да, халқымның басынан өткерген бақытты сәттерінде жақсы білемін.
Сырдың бойы ежелден дарынды тұлғалар мен ғұламалардың, ақиық ақындар мен жазушылардың кіндік қаны тамып, мекен еткен жері. Сайын даласында қобыздың үні естіліп,шалқар төсінде ақ маржан күріші төгілген өлкенің перзенті болу мен үшін зор мақтаныш. Және аймағымыздағы өткір мәселелермен бетпе-бет күресіп, ел ортасында болуды өзімнің азаматтық парызым деп білемін.
Қызылорда шаһары күннен күнге өсіп көркейіп келеді.Кешегісі мен бүгінгісін салыстыра қарасақ, айырмашылығы жер мен көктей екендігі ақиқат. Атан түйе көтере алмас қаншама жобалар іске асты. Дегенмен де, көтерер мәселе мен қозғалар дүние де аз емес.
Алдымен депутат дегеніміз кім дегенге тоқталсақ? Депутат ақша таратушы кәсіп иесі емес, халықтың құлы болуы керек. Бір реттік ақша не материалдық дүние таратқаннан ешқандай мәселе шешіле кетпейтіндігі ақиқат. Дана халқымыздың «аш адамға балық берме, қармақ бер» деген теңеуі тегін айтылмаған. Депутат ол, халықтың мұң мұқтажын, әлеуметтік мәселелерін, ел қажеттілігін сауатты түрде билік өкілдеріне жеткізе білетін тұлға екендігін жанымызға түйгеніміз дұрысырақ болар.
Праймериз додасында менің көтерер мәселелерім:
Арнайы әлеуметтік топтарға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша.
Ерекше қарауды талап ететін балалардың құқықтарының сақталуы және ата-аналарының әлеуметтік мәселелері.
Ерекше қарауды талап ететін балалардың құқықтарының сақталуы және ата-аналарының әлеуметтік мәселелері бойынша:
I.Құжат рәсімдеу уақыты;
II.Ота жасату үшін квота мәселесі;
III.Әлеуметке бейімделу;
IV.Ерекше қарауды талап ететін баланың қасында жүруші ата-анасының қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіншілігі.
V.Ерекше қарауды талап ететін балалардың арнайы маман иесі атанып, диплом алуы.
Құжат рәсімдеу уақыты
Өздеріңізге белгілі, ерекше қарауды талап ететін жанның өз статусын алып, мемлекеттен қандай да бір көмек сұрауы үшін жиналатын қажетті құжаттардың тізбесінің көптігі және құжат жинау мерзімінің өте ұзақ уақыт алатындығы. Өз кезегінде аталған жайт, төмендегідей бірнеше теріс факторлар тудырады. Алтындай қымбат уақытымыздың өте көп бөлінуі, жанындағы көмекші жанның әр мекемеге баруы салдарынан қосымша жол шығындарының көбеюі, мүмкіндігі шектеулі жанның психикасына әсері, артық энергияларының бөлінуі.
Ота жасату үшін квота мәселесі
Қазіргі күні еліміздің әр өңірінде заманауи технологиямен қамтылып, қажетті ота жасалатын мүмкіншіліктер толық қарастырылмағаныдығы айқын. Сонымен қатар, аталмыш жағдайдағы жандардың оңалту орталықтары және демалыс орындарына баруына да кезекті жылдап күтеді. Соның салдарынан, тағдырдың жазуымен кеселі бар жандар өз денсаулығы үшін ота жасатуға ірі қалалардағы орталықтарға жыл санап кезекте тұрады. Кезекке тұрудың өте ұзақ уақыты аурудың одан әрі дендеп, науқас жанның жағдайына өз әсерін тигізері сөзсіз. Аталмыш жерлерге баруы үшінде қасындағы қараушы ата-анасына жол және жатын шығындары қарастырылмаған.
Әлеуметке бейімделу
Ерекше қарауды талап ететін балалар көп жағдайда қоғамнан оқшауланып, араласатын адамдар саны шектеліп, отбасымен ғана шектеледі. Осы жайтта баланың психикасына әсер етері сөзсіз. Норма типті балалармен қатар мектепте сабақ оқып, түрлі қосымша секциялар мен үйірмелерге қатысуға мүмкіншілік жасалса игілікті іс болар еді. Баланың қоғаммен араласуы артып, ойы бөлініп, ашыла түссе, үйдегі қараушы ата-анасы да бір сәт демалып, көз қуанышының қосымша жұмыстармен араласып, жаңа достармен қауышып жатқанына да қуанары ақиқат.
Мектептегі тиісті жандарға білім беруші ұстаздар мен қатар мектеп басшылылары қауымына арнайы курстар оқытып, ерекше қажеттіліктердегі балаларға сай бейімдеу мәселелерінде назардан тыс қалдырмағанымыз жөн.
Ерекше қарауды талап ететін балалардың арнайы маман иесі атанып, диплом алуы
Ерекше қарауды талап ететін балалардың мектеп бағдарламасымен шектеліп қалмай, арнайы орта білім, жоғарғы оқу орындарының студенттері атанып, белгілі маман иесі болып қалыптасуына қоғам назарын аудару. Жыл сайынғы әкім және ректор гранттарының аталмыш жандар үшін арнайы бөлек бөлінуіне ықпал жасау.
Ерекше қарауды талап ететін балалардың ата-аналарымен сөйлескенімде аймағымызда Аутизм орталықтарының көпте ашылуын тілге тиек етті. Түрлі орталықтардағы үйірмелердің де біздің балаларымызға арналмағандығын айтады. Сонымен қатар, балабақша мәселесі де қозғалды. Балабақшалар ерекше жағдайдағы бүлдіршіндерді қабылдамайды. Бұл жағдай, ата-ана үшін үлкен соққы болары анық. Оңалту орталықтарының бағасы да сөз болды. Бағалардың қалтаға тым ауыр тиюі.
Мектеп бағдарламасындағы ыстық тамақта ерекше жағдайдағы балаларға қол жетімді емес. Аталмыш мәселелер жалғыз жанның емес қоғамның мәселесі болып отыр. Біздің міндетіміз осы мәселенің оң шешім табуына ықпал жасау.
Мен бұл бағдарламамды қағазға түсірер алдында ерекше қарауды талап ететін балалармен және ата-аналарымен жеке-жеке сөйлесіп, көпшіліктің көкейіндегі нақты мәселелерді ұсындым. Ерекше мүмкіншілігі бар жандарда қоғамда өз орнын нақты тауып, өзгелермен тең дәрежеде араласуына, өзгелер қатарлы кедергісіз жүруіне толықтай құқылы. Ата-аналар тілегі ерекше балаларға арналған ықшамды инклюзивті колледж ашылып, балалар өздеріне жақын сала бойынша қол жетімді мамандық иесі атанса. Көршілес елдердегідей АСБ бар балалары бар отбасылар үй кезегінде кезексіз тұрса деген базыналарын жеткізу барысында ата-аналардың әлеуметтік мұң-мұқтаждарын кезең-кезеңімен шешіліп реттелу үшін тынбай еңбек етуді азаматтық борышым деп білемін. Ерекше балалары бар отбасылар да өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамның толыққанды мүшелері екенін алға тарта отырып, аталмыш жандардың құқықтары мен өмір сүру сапасының жақсаруын көтеру менің ел алдындағы азаматтық борышым деп білемін.
Егерде, партиялас аға-апа, іні-қарындас, бауырларым маған сенім артып, қолдау білдірген жағдайда өзім көтерген мәселелердің оң шешім табарына бар күш жігерімді салып, сайлауалды бағдарламамның орындалуы үшін, қоғам алдында аянбай тер төгерімді жеткізгім келеді.

16.09.1983ж Кызылорда қаласында дүниеге келдiм, ұлтым қазак, үйленгенмiн үш қыздың әкесiмiн.
1990-2000жж Қызылорда қаласындағы № 1-шi қазақ орта мектебiн оқып бітірдім. 2001 жылдың караша айында шұғыл әскери кызметке шақырылдым, 2002ж желтоқсан айында III-шi дарежелi «АЙБЫН» орденiмен марапатталдым. 2003ж әскери қызметiмдi, звод командирiнiн орынбаcары, старшина шенiмен аяқтадым. 2003-2007жж аралыгында Қызылорда қаласындағы КҮЗЕТ агентiгiнде қызмет атқардым. 2007-2010жж аралығында Кызылорда каласындагы 2019 әскери бөлiмiнiң «Сырдария» шекара заставасының Мыңтай-1 шекара бекетiнiң, атқыштар болiмшесiнiн командирi болып келiсiм шарт бойынша қызмет атқардым. 2010-2016 аралығында жеке кәсіппен айналыстым. 2016 жылдан бастап «Болат Өтемұратов қоры» жеке қоры «Асыл Мирас» Аутизм Орталығында Жетекші лауазымында бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келемін. Білімім, Орта арнайы Заңгер-кеңесші, жоғары Педагог-психолог бакалавр, Педагог-Психолог Магистрімін.
08 қыркүйек 2020 ж. 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930