» » ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАР ЖАҚСЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАР ЖАҚСЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Әбілда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасының "IT park" орталығында "Жас Отан" ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен мәжіліс депутаттарымен ашық форматта кездесу өткізілді. Жастармен кездесуге арнайы өңірімізге іс-сапармен келген Ауған соғыс ардагері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских және "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Абдрахманов қатысты. Ұйымдастырылған шараға "Жас Отан" ЖҚ белсенділері, "Жас Отан" ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының жанынан құрылған "Жалын" облыстық пікірсайыс орталығының мүшелері және мектеп жас маслихат депутаттары қамтылды. Ұлт жандылыққа, ел сүйгіштікке насихаттау және жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруге негізделіп жоғары деңгейді өткен кездесуге "Қоғам ТВ" телеарнасының тілшілері де катысты. Аталмыш шарада келген қонақтарға "Жас Отан" ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес өңіріміздегі Жас Отандықтардың бастауымен жасалып жатырған жұмыстармен таныстырды. Келген қонақтарда өз кезегінде өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Кездесу аяғында Бақытбек мырза өлең шумақтарымен жастарға сенім білдіріп, ақ батасын білдірді.
14 шілде 2018 ж. 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031