» » Ғалымдар коронавирустан қорғанудың жолын тапты

Ғалымдар коронавирустан қорғанудың жолын тапты

 Ғалымдар коронавирус инфекциясының жасушаға енуіне тосқауыл қоя алатын наноденелер ойлап тапты. Зерттеу нәтижелері Nature Communications журналында жарияланды.
Швециядағы Каролинск университетінің мамандары альпака жануарына тікенді ақуыз салған, оның көмегімен коронавирус ағзаның жасушаларына енеді. Ал 60 күннен кейін жануардың қан үлгісін зерттеу нәтижесі күшті иммундық жүйе қалыптасқанын көрсеткен. Содан соң ғалымдар жануардың В-лимфоциттерінен тұратын наноденелердің тізбегін клондап, зерттейді.
Нәтижесінде, ғалымдар ACE2 рецепторымен байланысқанда оның тікенді ақуыз бөліктеріне жабысатын және вирустың ағза жасушаларына енуіне жол бермейтін Ty1 наноденелерін анықтады.
Айта кетейік, жаңа табылған наноденелер әдеттегі антиденелерге қарағанда көлемі жағынан әлдеқайда кіші. Солай десек те, ғалымдар оның шығару жолын қарапайым деп түсіндіріп, адамдарға бейімдеу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Sputnik
08 қыркүйек 2020 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031