» » Пойыз билеті 50-70 процент жеңілдікпен сатылатын болды

Пойыз билеті 50-70 процент жеңілдікпен сатылатын болды

 Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға пойыз билеттерін сатып алу біршама жеңілдетілді. Биыл 1 шілдеден бастап Mobius жол жүру билеттерін ресімдеудің жаңа жүйесі іске қосылды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, электронды жүйе халық тиімді. Егер пойызда орын болмаса, жолаушыға «Күту парағына» өтініш қалдырады. Бос орын пайда болса, жолаушының электронды поштасына хат келеді. Жолаушыларды тасымалдау ережесіне сәйкес, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға, мүгедек балаларға пойыз билеті 50% жеңілдікпен сатылады. «Тұлпар-Тальго» пойызына да мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін орындарға 70% жеңілдік бар. Олар биыл 26 маусымнан жеңілдікпен сатылатын билеттерді онлайн ресімдей алады. Ол үшін жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасында (бір рет) тіркеуден өткізіп, бірегей символдар жиынтығы бар «Мейірім» электронды дисконттық картасын алуы тиіс. Тіркеуден соң, билетті үйде отырып, онлайн сатып алады. Электронды карта 1 жылға жарамды. Мерзімін де онлайн ұзартуға болады.
aikyn.kz
10 қыркүйек 2020 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930