Енді Қазақстанда пойыз билетін қайтарған кезде айыппұл салынбайды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. Алайда бұл ереже бағасы 3500 теңгеден аспайтын билеттерге ғана қатысты. Ал 3500 теңгеден асатын билетті қайтарған кезде комиссиялық алым сол күйі қалады.
Аталған шешім жолаушылар тарапынан түскен өтініштерден кейін қабылданған. "Жолаушылар тасымалы" АҚ осылайша билеттерді заңсыз қайта сататындармен күреспек.