» » ҰБТ бейнежазбалары тексерілген соң 97 бала грантынан айырылды

ҰБТ бейнежазбалары тексерілген соң 97 бала грантынан айырылды

 
 Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ бейнежазбаларын тексеріп, 97 баланың грантын қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Конституция күніне 97 балаға жақсы жаңалық! ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тест тапсырушының нәтижесі жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар). Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады. Толығырақ Ұлттық тестілеу орталығының парақшасында жариялаймыз», – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.
Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің де қылмыстық әрекетке байланысы анықталған.
«Қараңыздаршы, қандай «батырлықпен» сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұр? Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз. Алға, әділ Қазақстан!», – дейді ҰТО басшысы.
31 тамыз 2020 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031