» » » ҰБТ-ның нақты нәтижесі тамызда шығады

ҰБТ-ның нақты нәтижесі тамызда шығады

Ұлттық бірыңғай тестілеудің нақты нәтижесі тамыз айының соңында белгілі болады. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҰБТ-ның бірінші күнгі қорытындысына келер болсақ, шекті балды жинағандардың саны 4 222 адамды құрайды. Бұл тест тапсырушылардың барлығының 68,3 пайызына тең. Ал шекті баллды жинай алмағандар – 1 964 тест тапсырушы, яғни 31,7 пайыз. 130 баллдан жоғары жинағандар – 39 түлек. Қазіргі таңда аппеляцияға өтініштер қабылданып жатыр. Ережеге сәйкес 13:00-ге дейін өтініштер қабылданады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, жергілікті аппеляциялық комиссия өтініштерді қанағаттандырған жағдайда республикалық аппеляциялық комиссияға нақты шешім қабылдау үшін жолданады. Нәтижесі бүгінгі күннің соңына дейін беріледі.
«Жалпы, ҰБТ-ның соңғы нәтижелері тамыз айында нақты болады. Өйткені, биыл норма енгізілді. Сол нормаға сәйкес, 25 тамызға дейін барлық тестілеу барысындағы бейнежазбаларға арнайы бағдарламаның көмегімен талдау жүргізеді. Бұл ретте егер тестілеу барысында тест тапсырушы тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда олардың нәтижелері жойылады. Соған орай егер ол мемлекеттік білім беру грантының иегері болса, онда грант нәтижесі де жойылуы мүмкін», – деді орталық директорының орынбасары.
Сонымен қатар, ол биылғы ерекшеліктерге сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қатаң шаралар қабылданғанын айтты.
«Кеше дене қызуы бар 2 адам тестілеуге жіберілмеді. Оларға басқа күні бөлек аудиторияда тест тапсыру мүмкіндігі ұйымдастырылады», – деді Наужан Дидарбекова.
22 маусым 2020 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031