» » Қазақстанда қатаң карантин қандай жағдайда енгізіледі?

Қазақстанда қатаң карантин қандай жағдайда енгізіледі?

Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егер науқастар саны тәулігіне 30 мың адамға жететін болса, әлбетте, елде қатаң карантин режимі енгізіледі. Бұл ең басты көрсеткіш. Бірақ Денсаулық сақтау жүйесі тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырған 70 мың науқасты қабылдауға дайын», деді Бағдат Қожахметов.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда КВИ-ге шалдыққандар саны 106 661 адамды құрап отыр.
Сонымен қатар Қазақстан індетке дайындықты қамтамасыз ету саласындағы инновациялар Коалициясымен және ДДҰ-мен, сондай-ақ халықаралық корпорациялармен және вакциналарды өндірушілермен бірлесіп вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық Альянс құрған COVAX Facility бағдарламасына қосылды.
13 қыркүйек 2020 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031