» » ЕЛІМІЗДЕ КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРУ ӨСІМІ ТОҚТАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРУ ӨСІМІ ТОҚТАДЫ

ДСМ Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов осындай жаңалықпен қуантты.
«Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады», - деді ресми өкіл. Десе де, ол қазақстандықтарды босаңсымай, індет толық ауыздықталғанша сақтық шараларын орындауға шақырды. «Бірақ жеткен жетістікке қуанып, босаңсуға болмайды. Ендігі міндетіміз – індетті жұқтыру мен өлім-жітімді тоқтату. Осы ретте барша қазақстандықтарға санитарлық ережелерді орындауға шақырамын», - деді Б. Қожахметов. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 741 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 100 мыңға жуықтады. Індеттен 72,5 мың адам емделіп шықты. 1058 адам қайтыс болды. Ал 13280 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты. Тамыздың басынан бері өкпе дертінен 161 адам көз жұмды.
turkystan.kz
11 тамыз 2020 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031