Апаттық жағдайдағы көпір құрылысы биыл аяқталады

Қазалы ауданындағы Бекарыстан би – Қожабахы және Жалағаш ауданындағы Мәдениет-Аққыр жолындағы (оңтүстік коллектор) көпірлерге қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Әлсейт учаскесі және Қызылорда қаласындағы Шіркейлі каналы арқылы салынған көпірлер пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданындағы Жаңаарық ауылы тұсындағы апаттық жағдайдағы көпір құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Сол жағалаудағы Мұратбаев көшесіндегі көпірден бастау алатын магистралды көше құрылысы аяқталуға жақын. Осы магистралды көшені Батыс Еуропа-Батыс Қытай трассасымен байланыстыруға жол айрығын салу жобасын (развязка) бастауға ОБ бюжеттен 2 млн. теңге бөлініп, конкурс жариялануда (қосымша РБ-500,0 млн.тг).