» » Карантин 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін ұзартылды

Карантин 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін ұзартылды

  Арменияда карантин шаралары 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды деп хабарлайды ҚазАқпарат Аrmenpress сайтына сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, Арменияда 2021 жылғы 11 қаңтарға дейін төменде көрсетілген шектеулер енгізілді. Армения Республикасының азаматтары емес адамдар үшін құрлық шекарасының бақылау-өткізу пункттері арқылы Армения Республикасының аумағына кіруге тыйым салынады. Тек төмендегі кейбір жағдайларда елге кіруге рұқсат беріледі:
– Армения Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері және Армения аумағында заңды негізде тұруға құқығы бар адамдар.
– Дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің өкілдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері мен олардың отбасы мүшелері.
– Жерлеу рәсіміне қатысу мақсатында келген адамдар, олар қайтыс болған адамның жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, баласы, әпкесі, ағасы) болған жағдайда.
– Мемлекетаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер, жүк пойыздарының жылжымалы құрамдарының машинистері (оның ішінде жүк автомобильдері мен жүк пойыздарының жылжымалы құрамдарын түсіргеннен кейін Армения Республикасының аумағынан кететіндер).
– Жедел сипаты мен кіру қажеттілігін, сондай-ақ осы елдердегі (аумақтардағы) эпидемиялық жағдайды ескере отырып шекара әскерлерінің қолбасшысы. Армения Республикасының аумағына кірген кезде адамдар инфекция немесе симптомдарының болуына инспекциялық еңбек және денсаулық сақтау органы тарапынан жедел медициналық тексеруден өтеді.
14 қыркүйек 2020 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930