Демалыс және мереке күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді.
Демалыс және мереке күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты.
«Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда орталықтары, ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың да жұмысына тыйым салынады», – деді ол.
Бұған дейін карантин шаралары жеңілдетіліп, фитнес-орталықтарға, спорт кешендеріне, діни нысандарға, сауналарға, косметологиялық кабинеттерге, бассейндерге жұмыс істеуге рұқсат берілгенін хвабарлаған болатынбыз.