» » Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істей ме?

Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істей ме?



Демалыс және мереке күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді.


Демалыс және мереке күндері сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты.
«Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда орталықтары, ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың да жұмысына тыйым салынады», – деді ол.
Бұған дейін карантин шаралары жеңілдетіліп, фитнес-орталықтарға, спорт кешендеріне, діни нысандарға, сауналарға, косметологиялық кабинеттерге, бассейндерге жұмыс істеуге рұқсат берілгенін хвабарлаған болатынбыз.


18 қыркүйек 2020 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031