» » Пневмониямен ауырғандардың өкпесі қанша уақытта қалпына келеді?

Пневмониямен ауырғандардың өкпесі қанша уақытта қалпына келеді?

  Коронавирус пневмониясымен ауырғандардың өкпесі толық қалыпқа келуі үшін 3 айдан 6 айға дейін уақыт керек екен.

Осындай мәлімдемені медицина ғылымдарының кандидаты, пульмонолог Алексей Пак мәлімдеді.
«Коронавирустық пневмониямен ауырып, сауыққан адамдар компьютерлік томографиядан өткенде, өкпесінің толық жақсармағанын көреді. Сондықтан олар үрейге бой алдырып, алаңдап, қайтадан ем алуды жалғастырып жатады. Ал шын мәнінде ол науқастар денсаулық жағдайының жақсы екенін сезінеді. Бұл мәселе медицина мамандарының халықты дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етпеуінен туындап отыр. Пневмониядан зақым келген өкпенің толық орнына келуі үшін 3 айдан 6 айға дейін уақыт керек. Кейбір жағдайда өкпедегі өзгеріс өмір бойына сақталуы мүмкін. Сондықтан компьютерлік томография олардың тыныс алу органында дерт бар деп көрсетеді. Бұл адам ауруынан әлі айықпаған дегенді білдірмейді» дейді пульмонолог-дәрігер.

21 қыркүйек 2020 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930