» » Аудан әкімі бірқатар нысанды аралады

Аудан әкімі бірқатар нысанды аралады

  Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов Жалағаш кентіндегі орталық базарды, сауда орталықтарын және дәріханаларды аралады.
Алдымен аудан басшысы кент тұрғындары жиі баратын орталық базар, «Бибігүл Ана», «Қаракөз», «Рита» сауда орталықтарына барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасымен танысты.
Орталық базардың, сауда орталықтарының бағасын бағамдаған аудан басшысы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне, ауыл шаруашылығы бөліміне азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсуін болдырмауды және бірінші қажеттіліктегі нан, сүт өнімдерінің бағасына үнемі мониторинг жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайға сәйкес кауіпсіздік шараларды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті.
Мұнан кейін Асылбек Өмірбекұлы «Arzan Pharm» дәріханасында болды. Дәріханадағы дәрі-дәрмектердің қорымен және бағасымен танысып, дәрі-дәрмектердің негізсіз өсуін болдырмау мақсатында шаралар қабылдап, бағасын қадағалау жөнінде тиісті сала орынбасарына тапсырмалар берді.
21 қыркүйек 2020 ж. 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930