» » Азық-түлік өнімінен сәйкессіздік

Азық-түлік өнімінен сәйкессіздік

     Қызылорда облысында 2019 жылы 400-ге жуық азық-түлік өнімінен сәйкессіздік анықталды.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу шеңберінде 2019 жылы сауда объектілерінен барлығы 3035 азық-түлік өнімін сатып алды. Оның ішінде отандық өнім -986, ЕАЭО елдерінде өндірілгені – 1739, өзге елдерден әкелінген өнім – 310.
Сатып алынған өнімдерге зертханалық сараптама жүргізіліп, нәтижесінде 396 өнімнен сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша-125 өнім, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша-110 өнім, қауіпсіздік көрсеткіштер бойынша-1 өнім талапқа сай болмай шықты. Ал құрамы, жарамдылық мерзімі мен өндірушісі, сақтау шарттары туралы мәліметтері мүлде көрсетілмеген 156 өнім анықталды. Сонымен қатар құрамындағы нитраттың саны 3 өнімде мөлшерден тыс болып шықты.
Тағам өнімдері арасында ең көп сәйкессіздік ет және ет өнімдерінің, сүт және сүт өнімдерінің, кондитерлік өнімдердің үлесінде. Сараптамаға алынған 91 алкогольсіз энергетикалық сусындардың 7-еуі талапқа сай болмай шықты. Үш түрінде таңбалануы дұрыс болмаса, қалған төртеуінің құрамында кофеин мен құрғақ қоспалар нормадан көп болып шықты. Нәтижесінде сауда сөрелерінен 256,16 кг тағам өнімі сатылымнан алынып, заңнамаларға сәйкес ұйғарымдар берілді, жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 2 195 850 теңге көлемінде айыппұл салынды.
09 қаңтар 2020 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031