» » Қызылордада медициналық қызметке қатысты 29 мыңнан астам кемшілік анықталды

Қызылордада медициналық қызметке қатысты 29 мыңнан астам кемшілік анықталды

  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша Жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Шілде айының қорытындысы бойынша халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 29,8 мыңнан астам түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 1 млрд 002 млн теңгеден асты.
«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай – ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Қор филиалының сарапшылары жалпы құны 28,2 млн теңгені құрайтын 19,6 мыңнан астам осындай кемшілік тіркеді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 2,9 мыңға жуық ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 5,2 мың факті анықталды. Жыл басынан сарапшылар нақты көрсетілмеген қызметтердің 288 -нен астам жағдайын анықтады, олар пациенттер медициналық қызметті алған болып ақпараттық жүйелерге енгізілген. Осындай жағдайлар бойынша анықталған бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 3,6 млн теңгеге айыппұл салынды.
«Түрлі мемлекеттік базалардан деректерді біріктіру және IT құралдарын қолдну, осы деректерді өңдеу мониторингінің сапасын айтарлықтай арттырады. Бұл адами факторды азайтуға мүмкіндік береді. Қазір Қор әртүрлі  АЖ мен регистрлердің деректерін бір алаңда интеграциялау арқылы медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің толассыз мониторингін АЖ-де құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл мониторинг процесін барынша автоматтандыруға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Қор филиалының директоры.«Халық тарапынан қоғамдық бақылау, бір жағынан  Қорға бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі, екінші жағынан медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіреді. Сондықтан біз қазақстандықтарды өз деректерін мобильді қосымшаларда тексеруге және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қор филиалына хабарлауға шақырамыз», – деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
22 қыркүйек 2020 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031