» » 2020 ЖЫЛДАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ЕКІ ТҮРЛІ ПАКЕТ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕДІ

2020 ЖЫЛДАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ЕКІ ТҮРЛІ ПАКЕТ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕДІ

 
 Ағымдағы жылдың 18 маусымында ҚР Үкіметі 2020 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесін бекітті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Кызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев баяндады.
«Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетіле бастамақ. Біріншісі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеті. ТМККК пакеті – жедел және шұғыл көмек көрсетуге, сондай-ақ, қоғам үшін маңызы бар ауруларды бақылауда ұстауға бағытталған. Мұны барлық азаматтар, сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамай пайдалана алады.
Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті – азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, ұлт саулығының негізін қалауға ықпал ететін қызметтерден тұрады. Бағасы қымбат болып келетін операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сынды т.б. қызметтер кіретін МӘМС пакетін сақтандырылғандар пайдалана алады. МӘМС пакетіне МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сынды қызметтер де енгізілді»,- деді Руслан Бектібаев.
Бұрынғыша тегін көрсетілетін қызметтер: жедел жәрдем, шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, емханадағы бастапқы санитарлық-медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамту, паллиативтік көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, консультативтік-диагностикалық қызметтер.
Сонымен қатар, бір қызмет тегін пакет шеңберінде де, МӘМС пакеті шеңберінде де көрсетіле беруі мүмкін. Ол пациенттің жағдайына байланысты реттеледі.
Айта кету керек, биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға 74 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 44 жеке меншік клиника да бар.
Мемлекеттік тапсырыс аясында медициналық көмек көрсетуге дайын жеке медициналық ұйымдардың саны бойынша Қызылорда облысы көшбасшылар қатарында.
05 шілде 2019 ж. 1 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031