» » Дастан Оразбек Төреғалидың әкесімен жаға жыртысты

Дастан Оразбек Төреғалидың әкесімен жаға жыртысты

Дәл осы сұрақты Зарина Мүслім өзінің YouTube-каналында ашылған жаңа жобасы барысында Дастанның өзіне қойған болатын. "Орданың" оғылан әншісі Оразбеков өз кезегінде төбелестің болғанын жоққа шығармады. Алайда ол кикілжіңнің неден шыққанын айтудан бас тартып отыр.“Шынымен де болған жайт. Бірақ мен оны айтып алыстатқым келмейді. Өйткені ер азамат болғаннан кейін өз арамызда қалу керек шығар деп ойлаймын.
Менің ойымша, әрбір ер азаматтың бойында тәнті болатын дүние – мінез. Сені біреу ұрып жатса, қарап тұрмау керексің. Ол – намыс. Кейде үндемеуге болады. Оның өзі де бір әдіс. Ал енді саған қол жұмсаса, оған көз жұма қарауға болмайды. Оның үстіне Жамбыл өңірінің азаматы болғандықтан, бойымызда қызу қан бар. Енді болған нәрсе болды”, –  деді әнші өз кезегінде. 
Дастан сұхбат барысында Төрәлі мырзаға өкпесі болса да баласына деген еш антипатиясы жоқ екенін жеткізді:
"Баласының өнерден хабары бар. Суырып салма ақын. Айтыскер, сөйлеу әдісі, сахнада өзін өзі ұстауы, бойында мәдениеті бар азамат Төреғали. Әкесінің кесірінен, оның мәдениетсіздігін баласына жүк қылып артып қойған дұрыс емес шығар деп ойлаймын.
Төреғалиді өнер азаматы ретінде сыйлаймын. Бәріміз де жас болдық, бәріміздің де қателігіміз болдық. “Жас өспей ме, көкейді теспей ме” дегендей. Ол да басылатын дүние. Ол да өзін есепке алып, ойланып, қателіктерін түзейді деген үміт бар. Өнер азаматы болғаннан кейін не нәрседен болмасын жарық дүние іздеп тұрамыз”, – дейді Дастан.
Дереккөзі: Зарина Мүслім / YouTube  
12 ақпан 2018 ж. 2 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031