МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ
Адамның тұлға ретінде қалыптасуының кілті мектепте. Өзінің араласқан ортасына сай бала өседі, тәлім-тәрбие алады және басқалардан ерекшеленеді. Сондықтан, ата-аналар балаларына барынша жағдай жасалған, жақын әрі қолайлы мектеп іздейтіні анық. Дегенмен, бұл пікірді жоққа шығаруға болады. Оқуға, білімге құштар жеткіншек мектебінің алыс-жақындығына қарамай көп білуге, түрлі сайыстарға қатысуға тырысады. Әлемді мойындатқан ғалым, әнші, ақын-жазушы, бәрі де осындай алтын ұядан білім алған. Мектебіне, ұстазы, сыныптастарына қарай адамның ой деңгейі, мінезі, қабілет-қарымы қалыптасады. Балалық қуаныштың куәсі – мектеп.Сондықтан, бұл ортада барынша әдепті, жан-жақты азамат ретінде қалыптасу үшін барымды саламын. Адам өмірінің бір бөлшегіне айналған мектепте өткен уақытқа ешнәрсе жете қоймас. Ол маған көп дүниені үйретті. Армандауды үйрендім. Енді мақсатыма жету жолында барымды саламын. Бар жақсылықты үйреткен, болмысымды өзгерткен, өрісімді кеңейткен рахмет саған, мектебім!