» » Ерке Есмахан халықты таңқалдырды

Ерке Есмахан халықты таңқалдырды


Әнші Ерке Есмахан сахнаға киіп шыққан көйлектерін сатып, түскен ақшаны мұқтаж жандарға бермек, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы әншінінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Айтуынша, өзінің көйлектерін сатып алғысы келетін немесе сыйға беруін сұрайтындар қатары көп екен.
«Маған қызмет етіп болған сахналық көйлектерім жиналып қалды. Оларды сатып аламын немесе сыйлыққа беріңізші дейтін қыздар көп. Бірақ мен аукцион ұйымдастырайын деп шештім. Бұл көйлектер арзан емес. 500 мың теңге. Сондықтан мұқтаж жандарға бəріміз бірге көмектесіп көрсек қалай болады екен? Көйлектер сатылымынан түскен қаржы толық мұқтаж жандарға беріледі. Отандық дизайнер Наиль Байкучуковтен алынған сахналық көйлегім алғашқы аукционға қойылды. Бастапқы бағасы 30 мың теңге. Аукционның аяқталу уақытын, сатып алушыны өзім шешемін… «Жүректегі көзімнің» көмегімен», – деп жазды әнші.
12 ақпан 2018 ж. 3 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031