» » Жарты миллионнан астам қазақстандық шетелге шыға алмайды - министрлік

Жарты миллионнан астам қазақстандық шетелге шыға алмайды - министрлік

Жарты миллионнан астам қазақстандық жинақталған қарыздарына байланысты шетелге шыға алмайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінен хабарлады. «2017 жылғы 13 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстаннан тыс аумаққа шығуға 690529  уақытша шектеу қойылды (оның ішінде 2016 жылы - 164 972, 2017 жылы - 229 656)», - деп атап өтілген хабарламада. Заңнамаға сәйкес, егер азаматтың қарызы 20 АЕК (1 АЕК = 2 269 теңге) болса, онда сот орындаушысы оның Қазақстаннан шетелге шығуын шектей алады. Қазіргі уақытта Әділет министрлігі «Қазпошта» АҚ-мен бірлесе борышкерге қарызын мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде кассалық қызметтер мен терминалдар арқылы және қалалар мен облыстардағы қоғамдық орындарда төлем жасауға тиісті мүмкіндікті ұсынып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 15 мамырдан бастап атқарушы істер бойынша берешек төлемдерін қабылдау жөнінде тиісті қызмет іске қосылды. Оның ішінде шетелге сапарлауға уақытша шектеуді жою шаралары қамтылған. Сонымен қатар биылғы 10 маусымнан бастап мобильдік қосымша көмегімен онлайн төлемнің қызметі жүзеге асырылды. Аталған қосымша арқылы кез келген адам қалыптасқан қарызы туралы ақпарат алып, оны жылдам төлей алады. Сонымен бірге ведомство мәліметінше, кассалық қызметтер мен терминалдар арқылы төленген қарыздар аясында Қазақстан аумағынан тыс сапарлауға уақытша шектеуді автоматты түрде жою 2015 жылғы 1 шілдеден кейін қойылған және сот орындаушыларының атқаруында тұрған шектеулер бойынша жүргізіледі. Ал қалған жағдайларда шетелге шығуға шектеу қою шаралары қарыз өтелгені туралы сот орындаушысына тиісті құжатты ұсыну жолымен іске асырылады. Қазіргі уақытта «Қазпошта» АҚ терминалдары Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Қызылорда әуежайларында орнатылды. Бұлардың барлығында биылғы 21 шілдеден бастап төлем қабылдау тәулік бойы жүргізіледі. Алдағы уақытта терминалдар барша ел аумағында орнатылмақ. Аталған функционалдың оңтайлы тиімділігі мен тәжірибесін ескере отырып, Әділет министрлігі бұл қызметті барлық екінші деңгейлі банктерде таратуды жоспарлап отыр. Бұл жүйе іске қосылғалы, «Қазпошта» АҚ қаржылық тетіктері арқылы 396 борышкер 24 391 725 теңге сомасына қарыздарын өтеді.

20 желтоқсан 2017 ж. 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031