» » Жұмыстан шығып қалсаң, ақшаны қайтарасың

Жұмыстан шығып қалсаң, ақшаны қайтарасың


Ішкі істер департаментінің мәжіліс залында 2015-2017 жылдары ҚР ІІМ ведомстволық оқу орнын бітірген түлектермен кездесу өтті. Кездесуге қазір қалалық ішкі істер бөлімі мен аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етіп жатқан қызметкерлер мен тәлімгерлер қатысты.
Жиында департамент бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қалижан Жеңісбекұлы қызметкерлердің жұмысына тоқталса, департаменттің кадр жұмысы басқармасының бастығы Асылхан Әбдіреев "Түлектермен атқарылған жұмыс және тәрбие жұмысы» аттыбаяндама оқыды.
         – ҚР ІІМ-нің 2017 жылғы «ҚР ІІО-да жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» №518 бұйрығына сәйкес жас қызметкерлермен жеке-тәрбие жұмысы жүйелі жүргізілуде. Ондағы мақсат – жас маманның кәсіби шеберлігін арттырып, жедел-қызметтің озық шараларын игеруіне ықпал ету. Сонымен қатар қызмет барысында жас қызметкердің тұрмыстық жағдайы, мінез ерекшелігі, қызмет атқару деңгейі де зерделеніп, баға беріледі. Былтыр ҚР ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарын 40 түлек тәмамдаған. Қазір оларды бос лауазымға тағайындау жұмысы жүргізілуде. Аталған түлектердің жеке істері ҚР ІІМ-нің оқу орындарына жолданды, – деді Асылхан Сейдалыұлы.
         ҚР ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орнында бір баланы оқыту үшін мемлекет тарапынан шамамен 1 млн. 400 мың теңге бөлінеді. Аталған оқу орнын бітірген түлектер жұмсалған қаражатты қайтару мақсатында ІІО-да 5 жыл көлемінде қызмет атқаруы тиіс. Алайда, түлектер арасында мерзімінен бұрын түрлі жағдаймен жұмыстан босап қалғандар бар. Сот шешімімен жұмсалған қаражатты өндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 27 қызметкерден 8 076 742 теңге мемлекетке қайтарылған.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
15 ақпан 2018 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031