» » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙДЫ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙДЫ


  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Анарбаев мәлімдеді.
    – Қоғамдық орындар мен көшелерде, мас күйінде жасалған қылмыстар саны едәуір азайды. Ауыр санаттағы, орташа дәрежедегі және онша ауыр емес қылмыстардың ашылуы жақсарды. Жол қозғалысына бақылау күшейтіліп, жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптары азайды, деді ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Сансызбайұлы.
    Сонымен қатар, облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 272 бейнебақылау камерасы орнатылған. Олардың көмегімен 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүзден аса қылмыс ашылған. Қоғамдық тәртіпті сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатында арнайы халықаралық тәжірибелер зерделеніп, елімізде алғаш рет біздің аймақта жаңа үлгідегі техникамен жабдықталған 14 патрульдік қызмет бекеті қойылды. Сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында облыста кезеңімен бір мың дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған.
         Аудандарда қылмыстың алдын алу мақсатында қызмет ететін жергілікті бюджет есебінен Арал ауданы, Сексеуіл кентінде полиция бөлімшесінің ғимараты салынды. Аталған бөлімше сол өңірдегі криминогендік ахуалды бақылауға септігін тигізбек. Сонымен қатар облыс бойынша ең көне ғимарат саналатын Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің де жаңа ғимараты биыл пайдалануға берілмекші. Департаменттің жеке құрамының әскери жауынгерлік дайындығы мен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында заманауи үлгідегі оқу-жаттығу полигонының құрылысы жүргізіледі.
Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ
24 қаңтар 2018 ж. 814 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031