» » КӨЛІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ

КӨЛІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ

Өмір сүруді қамтамасыз ететін өңір инфрақұрылымының сапасын арттыру, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
Сумен жабдықтау бойынша
Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында:
Қызылорда қаласындағы Байсейітова көшесі бойындағы Желтоқсан-Алтынсарин көшесі бұрышынан Тәжібаев көшесі бойындағы СҚ дейінгі Алтынсарин көшесі бойындағы су құбыры желілерін;
Қызылорда қаласындағы Ілиясов-Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы СҚ бастап Қонаев - Қыдыров көшелері бойындағы СҚ дейінгі Ілиясов, Әуелбеков, Тәжібаев, Әуезов, Толыбеков көшелері бойында су құбыры желілерін;
Қызылорда қаласындағы М. Шоқай көшесі бойындағы СҚ бастап Жеңіс көшесі бойындағы СҚ дейінгі Панфилов, Қожа Ахмет Яссауи, Бөкейхан көшелері бойындағы су құбыры желілерін;
Қызылорда қаласындағы Абай даңғылынан Амангелді көшесіне дейінгі Мұратбаев көшесінің бойындағы су құбыры желілерін;
Қызылорда қаласындағы Панфилов көшесінен Жахаев көшесіне дейінгі Абай даңғылы бойындағы су өткізгішті;
Арай ауданындағы Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі АК-дан Әбдіреев көшесі бойында СҚ-ға дейін Жібек жолы көшесі бойындағы су өткізгішті;
Қызылорда қаласындағы Панфилов көшесінен Бөкейхан көшесіне дейінгі М.Шоқай көшесі бойындағы су өткізгішті;
Қызылорда қаласындағы Южный АК-дан Панфилов көшесіне дейінгі Абай даңғылы бойындағы су өткізгішті;
Қызылорда қаласындағы  Хон бен До, Нышан Шәменұлы, Ерімбетов көшелері бойындағы  БК-дан бастап №13 КСС КК дейінгі өздігінен ағатын кәрізді;
көп қабатты тұрғын үйлерді қоса отырып, Әуезов көшесінен  КК 19 КСС-2-ге дейін Қазантаев көшесі бойындағы өздігінен ағатын кәрізді;
Қызылорда қаласының Байтұрсынов көшесіндегі КК1-ден № 4 КК-96 КСС дейін өздігінен ағатын кәрізді;
 Қызылорда қаласындағы «Сәулет» КСС-29-дан «Южный» КСС АК-6 дейін екі желі қысымдық кәріз желісін;
Қызылорда қаласындағы Желтоқсан көшесі бойындағы №26, Әйтеке би көшесі бойындағы №38, 40 Байсейітов көшесі бойындағы №96 тұрғын үйлердің №4 КК 9, КСС №4 дейінгі өздігінен ағатын кәрізді қайта жаңғырту және кеңейту жобаларын жүзеге асыру;
«Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің  сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру қажет;
қайта жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыстарды аяқтау қажет:
Жалағаш ауданы Шәменов елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін;
Жалағаш ауданы Мырзабай Ахун елді мекенінде сумен жабдықтау жүйелерін;
Сырдария ауданының Қалжан Ахун елді мекеніндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысымен қоса отырып қайта жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыстарын аяқтау.
«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында ауыз сумен жабдықтау және кәріз суды тысқары алып кету, бірінші кезеңінің құрылысы» жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
«Қызылорда қаласының кәріз насостық стансаларын қайта жаңғырту және модернизациялау, барлығы 23 бірлік» жобасы бойынша жұмыстарды бастау.
Арал ауданы Ақбасты, Тоқабай-Абай елді мекендерінің ауыз су жүйесінің құрылысының мемлекеттік сараптамасымен қоса жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу.
Салынып жатқан Талап-Сырдария және Жиделі топтық су құбырларының құрылысына қосымша қаржы бөлу мәселесін пысықтау.
Байқоңыр қаласынан  ауыз суды сатып алып отырған Төретам, Ақай елді мекендеріне Байқожа су құбырын жеткізу бойынша жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу мәселесін пысықтау.
Электрмен жабдықтау бойынша
Иесіз электрэнергетика насындарын коммуналдық меншікке беру жұмыстарын жалғастыру.
«Сырдария ауданы Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасын аяқтау;
«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен жабдықтау (1-кезең)» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.
«Қызылорда қаласындағы ҚС-35/10 «Комсомол, Залинейная және «Промышленная» қосалқы стансаларын қайта жаңғырту» жобасының мемлекеттік сараптамасымен қоса жоба-сметалық құжатын әзірлеу;
«Қызылорда қаласындағы ҚС 35/10 кВ «ҚСЗ» және «Силикатная» қосалқы стансаларын қайта жаңғырту» жобасының мемлекеттік сараптамасымен қоса жоба-сметалық құжатын әзірлеу.

16 ақпан 2018 ж. 1 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031