» » Тәуелсіз – Қазақстан

Тәуелсіз – Қазақстан


Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Ер Төстік» балабақшасында «Тәуелсіз – Қазақстан!» тақырыбына байланысты балалар бойында кішкентай кезінен бастап өзінің еліне, жеріне деген паттриоттық сезімін ояту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізіндегі құндылықтарға ие білімді, зияткер балалар тәрбиелеу мақсатында  мерекелік іс – шаралар болып өтті.  Балабақшаның ІІ кіші «Балдырған», «Күншуақ» топ тәрбиешілері«Тәуелсіздік –тұғырым!», «Күн дидарлы Қазақстан!» тақырыптарында кеңейтілген оқу қызметтерін өткізді. Балалармерекеге арнап тақпақтардан шашу шашты. Тәрбиеші Құндызбаева Арайлым  мен Таспенова Гүлжан балаларға  желтоқсан оқиғасына қатысты суреттерден слайд жасап балаларға көрсетті.
Сонымен бірге, мерекеге орай ІІ кіші, ортаңғы, ересектер топтарының тәрбиеленушілері арасындамәнерлеп оқудан байқау өткізілді. Іс – шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалды. Ересектер «Бәйтерек» тобының тәрбиеленушілері Рысдәулет Сания мен Амангелді Арманбайқауды екі тілде жүргізді. Байқауға балабақша меңгерушісі Лиза Ержанқызы  мен  әдіскер Ақгүл Аралбайқызы әділ қазылық жасады.
Байқауда «Қазақстан»,«Тәуелсіздік», «Отан» тақырыптарында көркемсөздер оқылды.  ІІ кіші топ бүлдіршіндері Қайратқызы Аделя мен Оңғар Інжу сынды балалар өзінің кішкентай жүректерімен  көрермендерді тебірентті. Ортаңғы топ бүлдіршіндері Өмірәлі Ақпейіл, Жанұзақ Айшолпан, Жеткерген Айшат, Қуаныш Аяжан сынды бүлдіршіндер өздерінің көркемсөз оқудағы шеберліктері мен дарынды қабілеттерін көрсетті. Ересектер «Бәйтерек» тобының бүлдіршіндері Рысдәулет Сания Б.Маханованың «Қазақстан» өлеңін оқыса, осы топтың бүлдіршіні  Жалғасбек Расул Қ.Сариннің «Тәуелсіздік» тақырыбындағы өлеңін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Байқауда  ортаңғы «Балауса»  тобының бүлдіршіндері   «Моя земля!» әнін шырқады.  Байқауда«Күн дидарлы Қазақстан!», «Қазақстаным!», «Туған ел» тақырыптарындағы әндер шырқалды. Сонымен қатар, батыр қыз «Тұмар» ханшайым биін ортаңғы «Балауса» тобының бүлдіршіні Қалтөре Сезім нақышына келтіре биледі. Байқау барысында көркемсөздің тақырыпқа сәйкестігі, жас ерекшелікке сай болуы, және балалардың мәнерлеп айтудағы шеберліктеріне қарап  бағаланды. Нәтижесінде 4-5 жастағы балалар арсында ортаңғы «Балауса» тобының тәрбиеленушісі Қуаныш Аяжан Қ. Сариннің «Тәуелсіздік таңы» атты өлеңін өте жақсы айтып, «Үздік көркемсөз шебері» деп танылды. Байқау қорытындысында барлық байқауға қатысқан балалар арнайы «Дипломдармен» марапатталды.
Гүлім Данкенова, 
«Ер Төстік» балабақшасының педагог-психологы
20 желтоқсан 2017 ж. 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031