» » ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА ИЕЛЕНДІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА ИЕЛЕНДІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шарада академик Асқар Жұмаділдаев және кәсіпкер, меценат Нұрмұрат Ерманов «Қызылорда облысының құрметті азаматы», ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов «Алматы облысының құрметті азаматы» атақтарына ие болды.
    Сонымен қатар  облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері мен қызметтегі кәсіби жетістіктері үшін 47 қызылордалық орден, төсбелгі және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Олар өңір тұрғындарымен бірге күнделікті тынымсыз еңбегінің нәтижесінде шикізаттық емес сектордың өндіріс көлемін 28 пайызға артып, салынған тұрғын үйлердің жалпы аумағы 35,6 пайызға өсті,  күріштен жарты миллионнан астам тонна өнім жинап, аймақты экономиканың негізгі салалары  бойынша еліміздегі көшбасшы облыстар қатарына қосуға атсалысты.  
    Салтанатты жиында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев сырбойылықтарды мерекемен құттықтады.
    – 26 жыл ішінде жас мемлекетіміз басқалар ғасырда жете алмайтын жолды жүріп өтті.  Қазақстан егемендігін сақтап, әлемде өз орнын нығайтып, бабалардң аңсаған арманын ақиқатқа айналдырды. Бұл көпұлтты халқымыздың бірлігі мен  Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Барша қызылордалықты ұлы мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Әрқайсыңыздың жұмысыңызға табыс, тәуелсіз Қазақстанымызға тыныштық пен береке тілеймін,-деді облыс әкімі.
    Мерекелік шара отандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнер ұжымдарының концертіне ұласты. "Алау" тобы, облыстық  камералық оркестр және басқа да артистер патриоттық  әндер мен әлемдік классикалық музыка жауһарларын орындады.  
23 желтоқсан 2017 ж. 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930