Спартакиада өтті
1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан мен КСРО арасындағы соғыстың аяқталуына орай Қармақшыдағы О.Шораяқұлы атындағы №30 және Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте спартакиада өтті. Мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі спартакиадаға аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов, «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері» ҚБ төрағасы Асқар Ерманов қатысып, ауған жерінде борышын атқарған жерлестеріміздің ерлігі жайлы естеліктер айтты.
Жарыс барысында командалар спорттың 10 түрі бойынша өзара бақ сынасты. Ептілігін ортаға салды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 111 ұпай жинаған О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп спортшылары жарыс жеңімпазы атанды. Жүлделі ІІ орынды №26 орта мектеп, ал ІІІ орынды Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей құрама командасы иеленді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.