» » Алып шыңды бағындырған қазақ

Алып шыңды бағындырған қазақ

Мақсұт Жұмаев – әлемге әйгілі қазақ альпинисінің бірі. Ол ең биік шың – Эвересті бағындырған. Әлемде биіктігі 8 000 метрден асатын не бары 14 тау болса, соның 14-не де Мақсұттың табаны тиген. Ол бұл шыңдарға қосымша кислород қолданбай, гидтер мен тасымалдаушылардың көмегінсіз шыққан. Сонымен қатар Эверестке және К2 «Чогориге» шыққан бірінші және жалғыз қазақ. Мұндай үлкен қатерге бас тіккен әлемдегі 12 санаулы алыптың бірі.
       – Тауға шыққанда үнемі жанымды  қасиетті Құран-Кәрім кітабы, әкемнің суретін, ойыншық арыстанды,  еліміздің туын көтеріп шығамын. Біз ешқашан туымызды шыңға тастап кетпейміз. Өйткені, альпинистер соңынан қоқыс қалдырмауы керек. Екіншіден, өзге елдің шыңында өз еліңнің туын желбіретіп қою, барған еліңді сыйламағанмен тең, – дейді Мақсұт Жұмаев басылымдарға берген сұқбатынды.
     Шетелдіктердің таңдайын қақтырған қазақ альпинисі  сегіз мыңдық шыңдарға жылдам шыққан жас альпинист.  Бүгінде Мақсұт альпинисттер құрамының капитаны, ҚР альпинизм спортқа еңбегі сіңген шебері әрі бірнеше дүркін чемпионы.  16 жыл альпинизммен айналысқан ол әскери салада қызмет етеді.
22 ақпан 2018 ж. 1 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031