» » «Жасыл» экономикаға өту үшін бизнеске жағдай жасауымыз керек — Әлия Назарбаева

«Жасыл» экономикаға өту үшін бизнеске жағдай жасауымыз керек — Әлия Назарбаева

«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» президиумының төрайымы Әлия Назарабева жаңа Экологиялық кодекстің әзірленген тұжырымдамасында экологиялық реттеу тәсілдерін қайта қарауды ұсынды.
«Бизнеске жоғары экологиялық талаптар қоюды ұсынбаймын. Мемлекет «жасыл» экономикаға өту үшін бизнеске тиімді ынталандыру шараларын жасауы тиіс», - деді Назарбаева «Жаңа экологиялық Кодекс – Қазақстандағы «жасыл» экономика қағидаларын сапалы түрде іске асыру құралы» атты дөңгелек үстелде.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы «жасыл» технологияларды енгізуге әрекет етіп, «жасыл» бизнес үшін «бірыңғай терезеге» айналуы тиіс.
«Осылайша, «жасыл» технологияға өту мәселесі «жасыл» экономика үшін экологиялық қана емес, жалпы мемлекеттік салааралық сипат береді. Мемлекеттік саясатты осы бағытта қалыптастыру ел экономикасының дамыту контекстінде орындалып, барлық мемлекеттік органдардың құзыретінде жүзеге асырылуы тиіс», - деді ол.
Назарбаева Қазақстанның жаһандық және халықаралық процестердің қатысушысы және «жасыл» бастаманың қолдаушысы екенін атап өтті. Оның айтуынша, Париж климаттық келісімі бойынша 2030 жылға қарай жылыжайлық газдың шығарылуын 15%-ға төмендету міндетін жүзеге асыру еліміздегі белгілі бір қатерлердің алдын алады.
«2020 жылдан бастап отандық бизнестің алдында қатерлерге және өзіндік шектеулерге, әлеуетті пайдаға толы жаңа жағдай туындайды. Ұлттық міндеттерді орындамау қазақстандық тауарлардың әлем нарығына шығуын шектеп, сонымен қатар басқа да экономикалық санкциялардың қабылдануына әкеледі», - деді ол.
Осыған орай Әлия Назарбаева жаңа Экологиялық кодекске «жасыл» экономика терминін және оны жүзеге асыру принциптері мен механизмдерін заң жүзінде енгізуді, сондай-ақ көміртек өлшемдерін үлестіру мен сату жүйесін қайта іске қосуды ұсынды.
Дөңгелек үстел аясында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» мен ҚР Энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, экологиялық қоғамдастық пен отандық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген жаңа Экологиялық кодекстің тұжырымдамасына енгізілуі мүмкін ұсыныстар таныстырылды.

28 сәуір 2018 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031