» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНҒА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНҒА ІС САПАРМЕН КЕЛДІ

Қармақшы ауданына арнайы іс сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Геннадий Шиповских аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен кездесті.Астаналық меймандардың негізгі мақсаты Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіндегі ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарын насихаттау болып табылды.
Жиын барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл бүгінгі таңда көтерілген мәселелердің барлығы еліміз үшін өте өзекті болып табылатынын, жүзеге асырылатын бастамалар еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілетін арттыра түсуі тиіс екендігін жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев ауданымызда Елбасы Жолдауынан және Үндеуінен туындайтын міндеттер бойынша іс-шаралар жоспары бекітілгендігін айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша тиісті жұмыстар атқаралып, жаңа әлеуметтік нысандардың халық игілігі үшін пайдалануға беріліп отырғандығына тоқталып өтті.                    
12 шілде 2018 ж. 1 091 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031