» » МӘСКЕУГЕ АЛҒАШҚЫ РЕЙСТІҢ БИЛЕТТЕРІ САТЫЛДЫ

МӘСКЕУГЕ АЛҒАШҚЫ РЕЙСТІҢ БИЛЕТТЕРІ САТЫЛДЫ

Қызылордада 16 шілдеден бастап аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері) «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» жаңа әуе бағыты өз жұмысын бастайды. Әуе тасымалы «Аэрофлот» компаниясының А-320/321 «Эйрбас», «Boeing-737» ұшағы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, «Байқоңыр-Қызылорда (әуежай)» трансфері дайындалады.
– Биылғы жылдың мамыр айында «Қорқыт ата» әуежайының қызметкерлері «Авиациялық аэрофлот мектебінің» мамандарынан арнайы оқудан өтіп, А320/321 әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету даярлығын тексеруден өткізді. Сонымен қатар, Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Байқоңыр қаласының әкімшілігімен әуе бағытының жұмысын жандандыру мақсатында әуежайға баратын автобустар мәселесі туралы жұмыстарды атқарды. «Аэрофлот» компаниясы арқылы ұшу басқа әуе компанияларымен салыстырғанда біршама арзан», - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
Айта кетейік, бүгінгі күні алғашқы рейске билеттің көп бөлігі сатылған.
Кесте бойынша ұшақтың келу уақыты – 06:10, ұшу уақыты жергілікті уақытпен – 07:20. Сатып алған уақытына қарай бизнес-класс билеттерінің бағасы – 167 000 теңгеден, ал эконом-класс билеттері 26000 теңгеден басталады.
13 шілде 2018 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930