Абаев Smart city жобасы қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Smart city жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша Үкімет отырысында есеп берді. Министр барлық 16 өңір әкімдіктерінде цифрландыру кеңселері құрылып, әкім орынбасарлары жетекшілікке тағайындалғанын атап өтті. Арнайы құрылған цифрландыру штабы жобаларды үйлестірумен айналысады және апта сайын Smart city жобасына мониторинг жүргізіліп отырады.
«Қазірдің өзінде медициналық, ақпараттық жүйелер, электронды күнделіктер немесе мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезекке қою жүйелері барлық аймақтарда енгізілді. Павлодар облысының білім беру саласында онлайн журнал мен күнделіктерді іске қосу арқылы оқушылардың оқу үлгерімі 3%-ке өсті. Шығыс Қазақстан облысында аудан орталықтарынан тыс орналасқан 67 дәрігерлік амбулаторияларды және фельдшерлік-акушерлік орындарды интернет желісіне қосу арқылы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің үлесі 93%-ке артты. Ал БҚО-да алғашқы медициналық көмек көрсетуге кететін уақыт қысқарды. Атап айтқанда, жедел жәрдемді басқару жүйелері енгізілді», - деді Абаев.
Ведомство басшысы смарт технологияларды енгізу аясында Астанада көше жарығына қызмет көрсету шығындары 30%-ке қысқарғанын, ал энергия қорларын 60%-ке төмендегенін айтты.
«Жүйенің өзі электр энергиясын қажеттілігіне байланысты автоматты түрде берілуін реттейді. Қаланың пилоттық ауданында жасыл технологияларды тәжірибелік түрде сынау шеңберінде Ақтөбе облысы энергияның балама көздерін қолдану есебінен энергия тұтыну көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізді. Шымкент қаласы жол-көлік оқиғаларын, фото-бейне түсіру жүйесін енгізу аясында жол жүру ережелерін бұзу жағдайлары 17%-ке азайған. Ал Алматы облысындағы Қорғас бекетінде адамның келбетін тану жүйесіне алғаш сынақ жүргізгенде-ақ, іздеу шараларына жұмсалатын уақыт 15%-ке дейін азаяды деп күтілуде. Алматыда қалалық көлік қою орындарының төлем жүргізу қызметін тек 17 проценті көлік қою орындарында іске асырылады, бюджет түсімдері алты есе өскен», - деді ол.