ӘСКЕРИЛЕР СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ

2019 әскери бөлімінің басшылығымен комиссия құрамы бекітіліп, әскери қызметшілер жауынгерлік, мемлекеттік құқықтық, арнайы дайындығы мен денешынықтыру даярлығы бойынша сынақ тапсырды. Бақылау тексеру сабағына 522 әскери қызметкер қатысты.
Сынақ қортындысы бойынша шекаралық бөлімдер арасынан «Қорқыт ата», роталар арасынан Десанттық шабуылдау және «Кәрібайбұлақ» заставалары I орын иеленді. Комиссия қортындысымен 2019 әскери бөлімі үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығын «жақсы» деп бағаланды. Үздік деп танылған әскерилер басшылықтың марапатына ұсынылды.
Гүлмира ПІРІМЖАНОВА, 2019 әскери бөлімінің кітапхана меңгерушісі.