Елбасы – Ел тірегі


Тұңғыш Президент күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Ел тірегі – Елбасы» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – Елбасының өнегелі өмірі мен жүргізіп отырған сарабдал саясатын, іскерлік қабілетін өскелең ұрапаққа насихаттау.
Шараға аймақтың дамуына сүбелі үлес қосқан зиялы қауым өкілдері, ел намысын әлемдік додада паш етіп жүрген танымал спортшылар мен ҚР Ұлттық Ұландар «Оңтүстік» 5547 бөлімшесінің сарбаздары, Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментқызметкерлері және  жастар қатысты.
Елбасының өмір жолынан ақпарат беретін «Ұшқан ұя ұлағаты», «Теміртау – алтын бесік», «Тәуелсіздік табалдырығында», «Конституция – елдігіміздің еңсесі», «Нұрлы жол», «Астана – елдік ерлігі», «Астана –Тәуелсіздік жемісі» атты  бөлімнен құралған көрме жұртшылықтың қызығушылығын оятты. Аталған көрме Елбасының балалық шағы, мектептегі жылдары, Теміртауда еңбек жолының басталуы, Қазақстан Магниткасындағы партия ұйымын басқарған кезеңдері мен Үкімет басшысы болған кезеңді қамтиды. Көрменің негізгі арқауы – Елбасының  елмен етене өмірі, еліміздің егемендікке жету жолы, елімізді аз уақытта дамушы 30 елдің қатарына енгізу жоспарлары таныстырылды. Сонымен қатар Астанадай ғажайып шаһардың салынуы, Астананы көшіруі сынды тарихи қадамдары жас ұрпақты жадында қайта жаңғырды. Ал аталған көрмеге  750-ге жуық  әдебиет пен мерзімді басылым бетінде жарияланған мақалалар топтастырылды.
  Мерекелік шара соңында ҚР Ұлттық Ұландар «Оңтүстік» 5547 бөлімшесі әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары Захиддин Бабанов пен әлем чемпионатының ІІ орын иегері, ҚР халықаралық деңгейдегі спорт шебері Әйгерім Жалғасова сөз сөйледі. Сонымен қатар Нұрсұлтан есімді оқуда озат, спортта саңлақ оқушылар өз өнерін көрсетті.
13 желтоқсан 2017 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930