» » Денсаулық паспорты енгізіледі

Денсаулық паспорты енгізіледі


ҚР Денсаулық сақтау министрлігіэлектрондық денсаулық паспортын енгізу мерзіміне қатысты айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Платформаны сынақтан өткізіп болғаннан кейін электрондық денсаулық паспортын ҚР аумағында ілкі жоба ретінде енгізу жоспарланып отыр. 2018 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады», - деді ведомство өкілдері.Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың келісімімен аймақтық деңгейде электрондық денсаулық паспорттарының (ЭДП) элементтері немесе жергілікті электрондық денсаулық паспорты енгізілген.  «Медициналық ақпараттық жүйелер өңірге тіркелген адамдар жайлы, сондай-ақ ауыл халқы жайлы барлық төлқұжаттық мәліметтерді қамтиды. Сонымен қатар амбулаториялар мен диспансерлерге жүгіну бойынша мағлұматтарға ие». Статистикалық мәліметтерге сәйкес, электрондық денсаулық паспортын енгізу бойынша Түркістан облысы көш бастап келеді. Бұл өңірде 1 951 728 адам ЭДП-ға ие болған.
19 шілде 2018 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031