» » ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қызылордада

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қызылордада

Вице-министр Л.М.Ақтаева облыстың денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге облыс əкімінің орынбасары Р.Рүстемов, Министрліктің аймақтық департамент басшылары, басқарма қызметкерлері, емдеу ұйымдарының бас дəрігерлері жəне дəрігерлер қатысты.
Кездесуде Елбасының "Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауда көрсетілген нақты тапсырмалар түсіндіріліп, алдағы жоспарларға тоқталды.
Вице-министр өз сөзінде, "ақпаратты біріктіру, электронды денсаулық паспорты, "қағазсыз аурухана" көшуге байланысты жұмыстарға тоқталды. Қазіргі уақытта республиканың 4 өңірінде электронды құжат айналымы енгізілген. Ал Қызылорда облысында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу көрсеткіші 95% құрап отыр.
Ляззат Мирашқызы облыстың денсаулық сақтау саласы жұмысына оң бағасын берді. Вице-министр одан əрі, облыстық медицина орталығының қабылдау бөлімінің, облыстық жедел - жəрдем жұмысымен танысты. "Нұр Отан" облыстық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізіп, тұрғындарды қабылдады.

14 ақпан 2018 ж. 1 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031