» » Coca-Cola көштен қалды

Coca-Cola көштен қалды


 Interbrand кеңес беруші компаниясы жаңадан тізім жасады. Ол қандай дейсіз бе? Ең қымбат брендтер тізімі. Көштің басы Apple компаниясына бұйырды. Яғни, ол әлемдегі ең қымбат бренд атағына ие болды. 2012 жылы ол екінші орында болатын, ал 2011 жылы тіпті, сегізінші орынды қанағат тұтқан еді. Биыл оның бағы жанды. 13 жыл бойы осы көштің тізгінін бермей келген Coca-Cola сусыны бірінші рет көшке ілінбей қалды. Тарихи сәт. Осылайша бірден үшінші орынды қанағат тұтты. Екінші орынды Google еншілесе, IBM оның өткен жылғы орнын басты. Естеріңізде болса, өткен жылы Google 4 орынды еншілеген. Microsoft сол баяғы 5 орынды сақтап тұр. Қажырлы еңбек. Біле жүріңіз, сонымен қатар мұндай бір қалыпты тізгінді ұстап тұрғандар қатарында, General Motors, Toyota сынды компаниялар да бар.
19 шілде 2018 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031