» » Олимпиада-2018: Қазақстан құрамасы жарысты аяқтады

Олимпиада-2018: Қазақстан құрамасы жарысты аяқтады

 Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 1 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 28 орынға ие болды.
Бүгін Олимпиада ойындарының соңғы күні ерлер арасындағы шайбалы хоккей мен қыздар арасындағы шаңғы жарысы аяқталған соң, медаль алған елдердің тізімі жаңартылды.
Нәтижесінде дүбірлі додада бірінші орынды 39 медальмен (14-14-11) Норвегия құрамасы алса, екінші орынды 31 медальмен (13-14-11) Германия иеленді. Ал үшінші орынды 29 медальмен (11-8-10) Канада спортшылары қанағат тұтты.
Қазақстан Пхенчхан қаласында өтіп жатқан 23-ші қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 9 түрінен қатысты. Олар биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен сырғанау, шаңғы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристаиль, акробатика могул жарыстары.
Дүбірлі додада спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылардың ішінде Юлия Галышева ғана үмітті ақтады. Ол фристайл жарысынан бірінші және соңғы қола медальды қазақ елінің қоржынына салды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 28 орынға ие болды.
Айта кетейік, Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 80-нен астам елінен 5 мыңнан аса спортшы және ресми тұлғаларқатысты.
Олимпиада ойындарында медаль алған мемлекеттердің тізімі:
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет 1994 жылы Лиллехаммер қаласында өнер көрсетті. Жалпы Тәуелсіздік жылдарында ұлттық құрама команда 7 Олимпиада медалін жеңіп алған. Оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар.

25 ақпан 2018 ж. 1 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031