ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгінде Қызылорда облысының аумағында 1726 пәтерлік 42 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 36-сы ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Оның ішінде Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында толық бір шағын аудан – 16 көппәтерлі тұрғын үйді беру жоспарланып отыр.
«Біз биыл 2017 жылға қарағанда кем түспейтін 667 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа енгіземіз деп есептеп отырмыз», - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, биылғы міндет - облыстағы халықтың әлеуметтік осал топтарын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта 2017 жылы «Орда» тұрғын үй құрылысының Жол картасы әзірленді. Бірінші болып бағдарламаның игілігін апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатақхана тұрғындары көретін болады.