» » Ел табысы – еңбек табысы

Ел табысы – еңбек табысы

Брифинг
Өңірлік  коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов аймақ басшысының кезекті есеп беру нәтижелері жайлы баяндады.  
Агробизнес саласында 5 жыл ішінде инвестициялар 23 есеге дейін өсті, бұл ауыл шаруашылығында өндірістің өсуіне оң әсерін тигізді, мысалы 2017 жылы 4,1 пайыз.  «Соңғы 5 жылда облыста 2 млн. шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Егер 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, қазір бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асады. Мысалы, соңғы жылдары облыс орталығында 14 жаңа шағын аудан бой көтерді. Сонымен қатар 2017 жылы  апатты тұрғын үй мәселесі толығымен шешіліп, апатты жағдайдағы тұрғын үйдің  309 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Облыстың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Орда» тұрғын үй құрылысының Жол картасы әзірленді. Соңғы 5 жылда облыста 200 әлеуметтік нысан іске қосылды, 2013 жылы басталған 34 ірі әлеуметтік нысанның ұзақ мерзімді құрылысы аяқталды. Білім саласында соңғы 5 жылда 45 жаңа мектеп салынды, оның 37-сі апатты жағдайдағы нысандар, - деді Қ.Ысқақов. Байқоңырды дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресей арасында қаланы ұзақ мерзімді дамытудың бірлескен бағдарламасы жасалды. Байқоңыр қаласын газдандыру, 5 көпәтерлі тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен жабдықтау және жалпы су жүйесін жаңғырту жұмыстары басталған.
  Жансая  СӘбитбек,
ҚМУ-дың IV  курс студенті
28 ақпан 2018 ж. 1 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930