ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ
Ұлытаудағы фольклорлық музыка фестиваліне үш құрлықтың өкілдері жиналды. Үш күнге созылған «Жезкиік» І халықаралық музыка фестивалі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы және «Туған жер» арнайы бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді. Фестиваль Қазақстанның материалды емес мәдени мұрасын сақтау, қазақ фольклорын дамыту және классикалық музыканы насихаттау, туристік кластерді дамыту, халық мәдениетін жан-жақты танымал ету мақсатында жүзеге асырылды.
Фестивальдің алғашқы күні музыкалық ұжымдар мен ұйымдастырушылардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Екінші күні «Жезкиік» шеңберінде Ұлытау ауданының Болатсай мекенінде фольклорлық музыка фестивалі өтті. Фестивальге Мексика, Перу, Польша, Ресей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония және Қазақстаннан 11 кәсіби ұжым қатысты.