» » «Дала сазы» онлайн-радиосы іске қосылады

«Дала сазы» онлайн-радиосы іске қосылады

«Дала сазы» онлайн-радиосы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева айтты. 
«Отандық әдебиетті жоғары деңгейде таныстыруға қабілетті жас таланттар мен туындыларды анықтау бағытындағы жұмыстар да жүргізілуде. Мәселен, 2017 жылы Бірінші «Рух» халықаралық әдеби конкурс ұйымдастырылды. 8 елден мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бұл шара әдебиет саласындағы мәдениетаралық өзара іс-қимылды жандандыруға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы Италия, Франция, Ұлыбритания, Испания сынды елдерге гастрөлдік турлар ұйымдастырып, опера-балет қойылымдарын, музей көрмелерін, музыкалық ансамбльдердің өнер көрсетулерін өткізу көзделіп отыр», - деді Аида Балаева. Оның айтуынша, үздік қазақстандық музыкалық туындыларға цифрлы форматтағы қолжетімдікті қамтамасыз ететін Dalatunes - интернет-ресурс жобасы іске асырылды. 2017 жылдың ішінде 13 мың музыкалық туынды, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккорд жүктелді. «Дала сазы» онлайн-радио жобасы әзірленіп, іске қосу кезеңінде тұр. Ол отандық және шетелдік аудиторияға түрлі жанрдағы қазақстандық музыканы таныстырып, қазіргі заманғы танымал авторлармен, орындаушылармен сұхбаттар ұсынатын болады. Ол үшін ағылшын тілді контентте қарастырылған»,- деді ол. Аида Балаеваның сөзіне қарағанда, елорданың мәдени орталық мәртебесін қалыптастыру үшін ағымдағы жылдың шілде айында қазіргі заманғы өнердің Астана биенналесін өткізу жұмыстары жүргізілуде. «Қазіргі уақытта танымал өнертанушылармен және халықаралық сарапшылармен Қазақстанның бейнелеу өнері каталогына кіретін туындыларға сараптама жүргізілуде», - деді ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Әділбек Жақсыбеков облыс әкімдеріне «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы мәдениет» жобасын жүзеге асыру аясында жергілікті ұжымдардың гастрольдерін, көркемсурет көрмелерін ұйымдастыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
17 ақпан 2018 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031