» » Қамбашта электронды қызметті алу түсіндірілді

Қамбашта электронды қызметті алу түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы және электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау бағытында «Қамбаш» балалар сауықтыру лагерінің ұжымымен кездесу өткізілді.
Кездесуді Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаев ашып, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауымен«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтерін, оның ішінде халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңыздылығы жөнінде айтып өтті.
Сондай-ақ, басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев «Облыста цифрландыру бағытындабілім беру, денсаулық сақтау, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік салалары бойынша жыл соңына дейін 37 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру Агенттіктің басты назарында» - деді.
Жыл басынан бері электронды қызметті алу үлесін арттыру мақсатында Е-gov "электронды үкімет" порталымен жұмыс жасау дағдыларын түсіндіру бойынша аймақта 1 конференция, 12 семинар-тренинг, 13 акция, 3 дөңгелек үстел, 7 көшпелі мәжіліс жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарымен 23603 адам қамтылған.
31 шілде 2018 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031