» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Қамбаш» балалар тынығу лагерінің қызметкерлері мен тынығушылардың қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Сәлімжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы мемлекеттік саясатының басымды бағыттарына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлық әрекеттердің зардаптары мен жауапкершілігін түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасына түсіндірме беріп, оның ішінде электрондық қызмет алу тиімділігі жөнінде сөз қозғады. Кездесу қорытындысымен департаменттің бас маманы А.Сәлімжан лагерь ұжымын және тынығушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда белсенділік көрсетуге шақырып, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетті.      
30 шілде 2018 ж. 1 615 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031